Алдағы үш тәулікте ауа райы қандай болады?

4 Желтоқсан 2019, 17:45
3143
Бөлісу:
Алдағы үш тәулікте ауа райы қандай болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 5-7 желтоқсан күндеріне арналған ауа райына болжам жасады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады.

Жылы және ылғал антлантикалық циклондар Ресейдің Еропалық бөлігінен Батыс Сібірдің солтүстік аймақтарына жылжуда. Ал онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан территориясының ауа райына ықпалын тигізетін болады. 

Алдағы үш тәулікте республиканың көптеген облысында жылбысқы қар, қар, тұман, көктайғақ, солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда екпінді батыс желі және бұрқасын болады, бірақ ауа температурасы көпжылдық орташа мәннен жоғары болады, - делінген хабарламада.


Өзгелердің жаңалығы