Алдағы үш күнде қар жауып, бұрқасын болады

25 Желтоқсан 2019, 13:46
2443
Бөлісу:
Алдағы үш күнде қар жауып, бұрқасын болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 26-28 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Республиканың Шығыс облыстарына Батыс Сібірден суық атмосфералық фронттар ығысады, ал оның артынан кезекті антициклон Карск теңізі аймағынан жылжиды. Фронт бұрқасынмен қар жауу, ал антициклон суытуды тудырады. Ал Қазақстанның Батыс жартысына Қара және Жерорта теңіздерінен атмосфералық фронттармен жылы және ылғалды ауа келеді, - делінген хабарламада.

Сондықтан мұнда ауа температурасының көтерілуі, сондай-ақ жауын-шашын, тұман, көктайғақ, кей жерлерде күшті жел және бұрқасын болады.



Өзгелердің жаңалығы