Алдағы үш күн жауын-шашынды болмақ

8 Маусым 2020, 12:55
1743
Бөлісу:
Алдағы үш күн жауын-шашынды болмақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет алдағы үш күнге 9-11 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынады.

Алдағы үш күнде жоғары циклон Қазақстанның көптеген өңірлерінде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жаууына себеп болады. 

Тек республиканың солтүстігі мен солтүстік-батысында антициклонның ықпалында ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Еліміздің батыс бөлігінде күндізгі температура көпжылдық орташа мәннен 0...4 градусқа жоғары, оңтүстік-шығыста нормадан 0...4 градусқа төмен, ал қалған аумақта температура нормаға шамасында болады, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы