Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Осы жылы Алматыға тартылған 800 млрд теңге инвестиция тартылған болса, оның 150 млрд ғана бюджеттік инвестиция. Ол мектеп салу, жол жөндеуге жұмсалған. Қалғанының барлығы жеке инвестициялар. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев брифинг кезінде айтты.
Оның айтуынша, қалаға тартылған 800 млрд теңге инвестицияның 150 миллиарды бюджеттік, қалған 450 миллиарды шағын және орта бизнестің инвестициясы. Ол қалада салынып жатқан дүкен, дәмхана, қызмет көрсету орталықтары мен тағы басқалары.Егер базалық деңгейді инвестицияны сақтап қалсақ, яғни 600 млрд теңгелік жағдайды ұстасақ бір орында қаламыз. Сол үшін біз қосымша тағы 600 млрд теңге инвестиция тартуды мақсат етіп отырмыз. Жыл сайын базалық деңгейді сақтай отырып, өсімді 25 пайызға жеткізуіміз керек. Сол кезде ғана біз жақын бес жылда экономика құрылымын өзгертіп, жаңа жұмыс орындарын құратын боламыз. Бұның барлығы жеке инвестициялардың арқасында ғана іске асатын болады. Жалпы есеппен алғанда жақын бес жылда 9 трлн теңге инвестиция тартылады деп ойлаймыз, - деді ол.
Сонымен қатар, ол Алматыдағы индустриялық аймақтың құрылысы қазір толық аяқталып, инвестиция тартылып жатқанын айтып өтті.
Қазіргі таңда 326 гектардың 170-тен астамы инвесторларға беріліп, осы күнге дейін 6 жоба іске қосылған. Осы жылы тағы жеті жоба іске қосылады деп күтілуде. Атап айтсақ құбыр шығаратын, ет комбинаты және әйнек өңдеу компаниялары бар. Бүгінгі форум аясында сондай-ақ үй салу, радиатор жасау, логистикалық орталық құру бойынша да бірнеше жобаға қол қойылды. Америка мен Индонезия компанияларымен бірлескен фармацевтикалық жобаға келісім жасалды. Келесі жылы индустриялық аймақтағы қалған 190 гектар жер толығымен игерілетін болады, - деді Сапарбек Тұяқбаев.