Алда әлі ауқымды жұмыс бар - Президент

26 Қаңтар 2023, 10:11
873
Бөлісу:
Алда әлі ауқымды жұмыс бар - Президент

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Сенатының отырысындағ айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елімізде «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидаты орныға түсті. Бұл реформалар билік институттары жүйесінің тепе-теңдігін қалыптастырады. Елдегі саяси үдеріске азаматтардың қатысуына жол ашады. Сондай-ақ, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыра түседі. Біздің осы бастамаларымызға қоғам өкілдері қолдау білдірді. Ауқымды жаңғырту жұмысын жүргізуге мүмкіндік туды. Соның арқасында бірнеше жылда айтарлықтай нәтижеге қол жеткіздік. Бірақ, біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Алда әлі ауқымды жұмыс бар, - деді ол.

Ол жоғары саяси жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру қажет екенін айтты.

Басты мақсатымыздың бірі – қоғамда өркениетті саяси дәстүрді орнықтыру. Ол үшін жоғары саяси жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруымыз керек. Онсыз тұрақты әрі жан-жақты даму мүмкін емес. Референдумда халықтың қолдауына ие болған конституциялық реформаны жаңа саяси дәуірдің бастауы деуге болады. Бұл өзгерістер еліміздің саяси жүйесін эволюциялық жолмен дамытуға жол ашты. Әділдік, ашықтық және шынайы бәсеке реформалардың негізгі арқауына айналды, - деді Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы