Алаяқтар шотты қалай бұғаттайды

10 Мамыр 2024, 12:49
218
Бөлісу:
Алаяқтар шотты қалай бұғаттайды

Бұл туралы БАҚ өкілдеріне арналған брифингте Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алаяқтар көбінесе екінші деңгейлі банктің қауіпсіздік қызметіне хабарласып, жеке деректерді айтып, банк картасын жоғалтып алғанын және шотты уақытша бұғаттай тұруын сұрайды. Сәйкесінше, қауіпсіздік мақсатында банк қызметкерлері ол шотты бұғаттаған кезде сол шоттың иесіне хабарласып, "біз жеке сот орындаушымыз сізге айыппұл түсті. Сіздің шотыңызды бұғаттадық. Дереу осы бұғатты шешу үшін бізге ақша аударыңыз" деп алдап, құйтырқы әрекеттерін жүзеге асырып жатыр, – деді ресми өкіл.

Ол ұялы телефонға осындай күмәнді қоңырау не болмаса хабарлама, сілтеме келіп түсетін болса, бірден қызмет алатын банкке хабарласуға кеңес береді.

Өзіңіздің атыңызға қандай да бір айыппұл тіркелді ме, жоқ па? Бұны анықтауларыңызға болады. Тіпті ең қарапайым жолы АИС ОИП деп гугл немесе басқа да платформаға жазып, іздеу тетікшесін бассаңыздар, кез келген адамның ЖСН-і арқылы өзінің атында, есепшотында бұғаттар бар ма, жоқ па онлайн режимде көрсетіп береді, – деді Талғат Уәли.

Өзгелердің жаңалығы