Алаяқтар астаналықтарды сыйлыққа көлік беремін деп алдап кеткен

Алаяқтар астаналықтарды сыйлыққа көлік беремін деп алдап кеткен
2431

Сарыарқа ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 23 және 24 жастағы екі қаскүнемді анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Ер адамдар интернет-дүкеннің тұтынушылар базасына қол жеткізіп, өздерін дүкен қызметкері ретінде таныстырып, тұтынушыларға телефон соғып, автокөлік ұтып алғандарын хабарлаған. Бірақ қалаған жүлдені алу үшін тіркеу, кедендік рәсімдеу және техникалық тексеруден өту үшін белгілі бір соманы төлеу керек деп алдаған. 

Зардап шеккендер 500 мыңнан 14 миллион теңгеге дейінгі қаражатты жіберген. 

Қазіргі уақытта қаскүнемдер интернет-алаяқтықтың 16 фактісі бойынша күдіктелуде. Күдіктілер қамауда отыр. ҚК-нің 190-шы бабының 2 бөлігіне сәйкес, тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар, олардың елорда аумағында осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скрин
Өзгелердің жаңалығы