Алаяқтар адамдарды алдау үшін қандай амал қолданады?

11 Шілде 2022, 11:30
3153
Бөлісу:
Алаяқтар адамдарды алдау үшін қандай амал қолданады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде айтты.

Қазіргі таңда азаматтардың ақшасын алдау жолымен заңсыз иемдену қылмыстардың ең көп тараған түрі. Сондықтан интернет-алаяқтық қазіргі таңдағы елімізде және бүкіл әлемде орын алып отырған өзекті мәселелердің бірі ретінде қалып отыр.Алаяқтар азаматтарды алдау үшін әр түрлі амалдарды қолданады. Сол себептен, осындай қылмыстардың саны жылдан жылға көбейіп барады, - деді Жандос Сүйінбай.

Ол атағандай, күнделікті өмірге ақпараттық технология жетістіктерінің барынша дендеп енуі киберқылмысқа, оның ішінде интернет алаяқтарына да жол ашты. 

Мәліметтерге мән берсек, 2017 жылы республика бойынша осы салада тіркелген қылмыс түрлері 2 мыңмен шектелсе, өткен жылы бұл сан 20 мыңнан асып кеткен. ІІМ жедел қабылдаған іс-қимыл шараларының нәтижесінде өткен жылмен салыстырғанда биыл интернет алаяқтық 18 пайызға төмендеген. Оның ішінде 1,5 мыңнан астам қылмыс жедел уәкілдердің жанкешті еңбегінің арқасында ізі суымай ашылды, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы