Алаяқ туыстарын пәтер алуға көмектесемін деп алдаған

11 Ақпан 2023, 17:36
1551
Бөлісу:
Алаяқ туыстарын пәтер алуға көмектесемін деп алдаған
Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин

Баспана алу үшін Туыстары ақшаны депозиттерінен шешіп, жетпеген соманы қарызға алған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2022 жылдың қаңтар айында туысымен сөйлескен 27 жастағы павлодарлық "әкімдік арқылы тұрғын үй мәселесін шеше алатынын", тұрғын үйді кезектен тыс сатып алуға көмектесе алатынын айтқан. 

Туыстары ақшаны депозиттерінен шешіп, жетпеген соманы қарызға алған. Алтын бұйымдарын ломбардқа тапсырған. Олардың бірі 2,5 млн теңге, екіншісі 4,5 млн теңге берген. 

Ақшаны алғаннан кейін, ер адам уақытты ұзарту үшін әртүрлі сылтаулар ойлап таба бастайды. 6 айдан кейін ол туысының біреуіне 250 мың теңге қайтарып берді. Қалған 6 ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Біраз уақыттан кейін туыстары алаяқтың құрбаны болғанын түсініп, полицияға жүгінген. 

ҚК 190-бабы “Алаяқтық” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы қолданылды

Өзгелердің жаңалығы