Алатау қаласының арнайы құқықтық режимі туралы заңға өзгерістер 2027 жылғы қаңтардың соңына дейін Құрылтайдың қарауына енгізіледі. Бұл туралы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, Алатаудың инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында қаладағы сот жүйесінің жұмыс істеу мәселелерімен айналысатын ведомствоаралық жұмыс тобы құрылған.
Алатау қаласының арнайы құқықтық режимі туралы» Конституциялық заңға түзетулер әзірленді. 2027 жылғы қаңтардың соңына дейін бұл түзетулер Құрылтайдың қарауына енгізіледі, – деді Азамат Әмрин.
Сондай-ақ ол «Бәйтерек» холдингіне инвестициялық саясат саласында қосымша функциялар беру жоспарланып отырғанын атап өтті.
Бұдан бөлек, Азамат Әмрин мемлекеттік басқару жүйесінде алдағы уақытта жүргізілетін реформалар туралы айтты. Негізгі назар мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға және оны цифрландыру мен жасанды интеллектпен өзара іс-қимыл жағдайында жұмыс істеуге бейімдеуге аударылады.
Осы мақсатта құқықтық және қаржылық шаралар қарастырылған. Сонымен қатар жаңа экономика жағдайында мемлекеттік басқару жүйесін реформалаудың кешенді жоспары әзірленеді.