Алатау ауданына оқушылар сарайын, мектеп пен амбулатория саламыз – Сағынтаев

22 Қараша 2019, 19:54
2443
Бөлісу:
Алатау ауданына оқушылар сарайын, мектеп пен амбулатория саламыз – Сағынтаев

Алматы,  BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram-дағы парақшасына қаладағы Алатау ауданы тұрғындарымен екінші рет кездескенін жазды.

Алғашқы кездесу 9 тамызда өтті. Не мәселе шешілді? Проблемалы 930 жер телімінің 724 учаскесі тіркелді, қалғандары бойынша жұмыстар жүруде. "Рахат-Мәдениет" ықшамауданында 315 үй үшін газ құбыры салынуда. Екі бау-бақша қоғамдастығының шамамен 300 үйі қосымша газдандырылады. Ұзындығы 291 км су құбырлары мен кәріз жүйесінің құрылысы жүруде, - деп жазды әкім. 

Сонымен қатар, ол ауданның 32 мыңға жуық үйінің тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ететіндерін мәлімдеді.
Көрсеткіш 85%-ға дейін өсетін болады. "Жаңа Алматы" бесжылдық даму жоспары бойынша Оқушылар сарайын, төрт мектеп пен амбулатория саламыз. Бүгінгі кездесуде қойылған 150 сұрақтың басым бөлігі нақты осыларды қамтыды, - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасына.

Әкім сондай-ақ, мұндай кездесулер қаланы дамытуға өз септігін тигізетінін де жазды.
Алматылықтармен мұндай кездесулер өткізу бізге қаланы дамытудың маңызды шешімдерін қабылдауға көмектеседі. Жоғарыда аталған жобалар Алатау ауданы тұрғындары өтініштерінің негізінде жүзеге асуда. Менің сөзімнің дәлелі: қалалықтармен бірлесіп жұмыс жасау, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы