Алаш жұрты тар жол тайғақ кешуден абыржымай өтті – Бекболат Тілеухан

13 Желтоқсан 2021, 12:21
1639
Бөлісу:
Алаш жұрты тар жол тайғақ кешуден абыржымай өтті – Бекболат Тілеухан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақордада өткен мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарды тапсыру рәсімі барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханды ІІІ дәрежелі «Барыс»   орденімен марапаттады.

 

Астанада елге еңбегі сіңген азаматтармен бірге өз қолыңыздан марапатқа ие болу - зор  қуаныш, үлкен мәртебе, ерекше жауапкершілік. Елбасы іргесін қалап, қабырғасын тұрғызған мемлекеттің өрнегін айшықтап, бау-бақшасын жайнатып, қақпасын қатайтып жатырсыз. Адамзат абыржыған, дүниенің дидары бұзылыңқырап, алдамшылар алға шығып, популизм жайлап, аптасы айға, айы жылға татитын қарбалас, алмағайып кезеңде Алаш жұрты абыржымаса керек-ті. Төзбеске төзіп, тар жол тайғақ кешуден абыржымай өтетін Алаш жұртын алға бастай беріңіз. Мереке құтты болсын, - деді марапаттау рәсімінде Бекболат Тілеухан.

 

Өзгелердің жаңалығы