«Алаш аманаты»: тарихшылар мен музей қызметкерлері экспедиция қорытындысын шығарды

7 Наурыз 2023, 11:39
1204
Бөлісу:
«Алаш аманаты»: тарихшылар мен музей қызметкерлері экспедиция қорытындысын шығарды
Фото: автордан

Ертіс өңіріндегі Бұхар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің қызметкерлері «Алашордалықтар ізімен» экспедициясының қорытындыларын шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі.

Бір жылдық жұмыстың нәтижелері «Ұлы даланың ұлы тұлғалары» ғылыми-тәжірибелік конференцияда таныстырылды.

Ертістің Павлодар өңірінің мәдениет мекемелері ата-бабаларымыз аманаттап кеткен асыл мұраларымызды кейінгі ұрпаққа қалдыру, насихаттап, жеткізу бағытында жұмыс істеп келеді. Ұлт ұлыларын ұлықтау мақсатындағы мәдени-рухани шаралар осының дәлелі бола алады. Ертіс-Баян өңірі мәдениетке де, тарихқа да бай өлке. Тәуелсіздіктен бергі уақыт ұзарған сайын ұлт ұлыларының үндестігін ұрпаққа таныту өзектілі күшейе түспесе, кеміген емес. Облыстық Бұхар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі мәдени саясатының мазмұны азаматтарды тәрбиелеу мен ағартуы кең қоғамдық ортаны құру, - дейді облыстық мәдениет басқармасының басшысы Медет Тауасқан. 

Бұл бағытта музей қызметкерлері атақты Бұхар жырау, әлие Мәшһүр Жүсіп Көпеев, белгілі ағартушы Ғабдыл-Уахит Тіленшіұлы, суы­рып салма ақын Иманжүсіп, ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров, композитор, әнші Естай Беркімбаев, ақиық ақын Мұзафар Әлімбаевтың шығармашылығына қатысты 51 материал жинақталды.

Музей қызметкері, араб тілінің маманы Әділбек Әміреновтің айтуынша, облыстың қала-аудандары бойынша ғылыми экспедиция 1,5 жылдай өтті. 

Халықтың көпшілігі бұл кітаптарды Құран деп сақтап келген. Араб тілін оқымаған, түсінбегендіктен, жинақтап жүрген. Мәселен, Абайдың алғашқы кітабы Ертіс ауданынан табылды. Оны Абайдың суреті арқылы ғана анықтадық. Бүгінде елімізде осындай үлгідегі алты данасы сақтаулы. Оның бір ерекшелігі – жақсы сақталуында. Парақшалара жыртылмаған және оқуға жарамды. Кітап Санкт-Перербургте сол кездегі мұсылман баспасынан жарық көрді. Экспедиция барысында Ахмет Байтұрсыновтың «40 мысал» және «Маса» жинағы табылды. Бірі Тереңкөл, екіншісі Аққулы ауданынан табылды. «40 мысал» туындысы да 1909 жылы Санкт-Петербургте шыққан. Бірақ, «Ғылым» академиясының баспасынан шықты. Бұл кітаптың тағдыры күрделі болды. Себебі, Ахмет Байтұрсынов Семейде түрмеде болды. Қос шығарманы шығаруға Әлихан Бөкейханов мұрындық болды, - дейді Әділбек Әміренов.

Мамандардың ендігі мақсаты – әр олжаны тыңғылықты зерттеу. Алдымен реставрация жүргізіліп, кейін ғылыми айналымға еннгізіледі. 

Өзгелердің жаңалығы