Алан Құрманғалиев елге оралды

9 Қыркүйек 2022, 12:46
1105
Бөлісу:
Алан Құрманғалиев елге оралды
PHOTO

Бүгін үстел теннисінен Азия чемпионатының қола жүлдегері атанған Алан Құрманғалиев елге оралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Спортшымызды Нұр-Сұлтан әуежайынан жұршылық құшақ жая қарсы алды.

Алан Құрманғалиев елге оралды

Естеріңізге сала кетейік, Лаостағы жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы Азия чемпионатын Құрманғалиев үшінші орынмен аяқтады. Алан Сангуанвонг Ксайпасеутты (Лаос), Аукадеччайкула Ситтипольді (Таиланд), Прадхивадхи Бхаянкарама Абхинандханы (Үндістан) жеңген болатын. Ал, жартылай финалда ол жапондық Такума Танимотодан жеңіліп, қола медальға ие болып, үшінші орынға тұрақтады. Осылайша, Алан Құрманғалиев Қазақстан Үстел теннисі тарихында Азия чемпионатында жүлде алған тұңғыш спортшы.

Команданың бас бапкері Эльмира Әлиева Аланның жеңісіне қатысты пікірін білдірді.

Алан Құрманғалиев елге оралды

Бұл біздің ортақ жеңісіміз! Барша жанкүйерлерге алғысымызды білдіреміз. 
Чемпионат барысында Алан жақсы ойнады, жарқын жеңістерге қол жеткізді және Азияның үздік жас теннисшілерінің бірі екенін дәлелдеді,- дейді Әлиева.

Алан Құрманғалиев елге оралды

Қасым-Жомарт Тоқаев Лаоста өткен жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы үстел теннисінен Азия чемпионатының қола медалін иеленген 15 жасар қазақстандық Алан Құрманғалиевті телефон арқылы құттықтаған болатын.

Алан Құрманғалиев елге оралды

Бұл жетістіктің отандық спорт үшін тарихи маңыздылығын атап өтіп, Мемлекет басшысы Аланға көрсеткен шеберлігі үшін алғыс айтып, оған болашақта жаңа жарқын жеңістер тіледі.

Алан Құрманғалиев елге оралды

Елдің атын шығарған спортшымызды қазақ жұрты мақтан тұтады. Еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін үзбей бақылаған додада үмітті ақтаған сайыпқыранға елдің алғысы шексіз.

Алан Құрманғалиев елге оралды
Алан Құрманғалиев елге оралды
Өзгелердің жаңалығы