Қаламқас кен орнындағы өрт: Қорқынышты ахуал жоқ

26 Наурыз 2019, 17:33
2203
Бөлісу:
Қаламқас кен орнындағы өрт: Қорқынышты ахуал жоқ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Азаматтарды бірінші кезекте кен орнындағы экологиялық ахуал толғандыратыны белгілі. Ондағы ауа сапасы, ілеспе судың және топырақтың сапасы күнде тексеріліп отыр. Бұл туралы ҚР Энергетика вице-министрі Сәбит Нұрлыбай Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде айтты.

Оның айтуынша, азаматтарға алаңдауға еш себеп жоқ, өйткені экология департаменті күнде тексеріс жүргізетін көрінеді.

«Азаматтарды бірінші кезекте кен орындағы экологиялық ахуал толғандыратыны белгілі. Осы оқиға 13 наурыздан басталғалы сол күннен бастап облыстық экология департаменті тексеріс жұмысын бастады. Және осы аталған департаменттің жылжымалы зертханасы күнделікті Қаламқас кен орнында мониторинг жасауда. Ол біріншіден, ауа сапасы, ілеспе судың және топырақтың сапасын тексереді. 4,5 шақырым қашықтықта Каспий теңізі тұр, сондықтан оған да тексеріс жүргізіліп жатыр. Азаматтарға қорқынышты ахуал жоқ. Өйткені кен орнына жақын елді мекен 70 шақырымда орналасқан», - дейді вице-министр. 

Сонымен қатар, ол өрттің қоршаған ортаға әкелген залалы бойынша арнайы шаралар қабылданатындығын және Маңғыстау мұнайгаз бен Сибо ұйымына шығынды өтеуді талап ететіндіктерін жеткізді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қаламқас кен орнындағы өртті сөндіруге көрші облыстардан қосымша күш жұмылдырылады.

Әділет МҰСАХАЕВ
Өзгелердің жаңалығы