Қалалықтар онкологтардың білікті кеңесін ала алады

27 Наурыз 2019, 20:54
1613
Бөлісу:
Қалалықтар онкологтардың білікті кеңесін ала алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 наурызда сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін Онкология орталығының емханасында колоректальды обыр (тоқ ішек) бойынша онкологтар тұрғындарды қабылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Дәрігерлер колоректальды обырдың негізгі белгілері байқалса, міндетті түрде онкологтың қабылдауына бару керектігін атап өтті.

Егер Сіз тұрақты іштің ауыруы; тұрақты іш қату, іш өту, диарея, қан және/немесе нәжістің шырыштығы; ішектің толық босамағанын, ішектің қозғалысын сезіну, нәжіс шығару кезінде ауырсыну; тік ішектен қан кету, нәжістегі қанның қара іздері; нәжіс пішінінің өзгеруі (ирелеңдеген немесе «қарындаш тәрізді»); қолайсыздық немесе іштің кебуі; себепсіз шаршау, тәбеттің жоғалуы, салмақ жоғалту; жамбастың ауырсынуы сияқты белгілерді байқасаңыз және сіздің жасыңыз 50-ден асса – сізге онкологтардың тексеруінен өту қажет.

Қабылдауға келгендер онкологтардың білікті кеңесін ала алады. Жоғарыда аталған белгілер бар болған жағдайда, сізге басқа да тексерулер тағайындалатын болады. Мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Манас көшесі, 17 Байланыс телефондары: 95-40-33, 95-40-34, 54-88-83.

 

Өзгелердің жаңалығы