Алакөлдегі өрттен 3 мың шаршы метр демалыс орны өртеніп кетті

5 Шілде 2022, 07:38
1727
Бөлісу:
Алакөлдегі өрттен 3 мың шаршы метр демалыс орны өртеніп кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алакөлде 3 мың шаршы метр демалыс орны өртеніп, 7 адам зардап шекті. Бұл туралы Абай облысының ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

Үржар ауданында Алакөл жағасындағы демалыс базасында болған өрт 5 сағат бойы сөндірілді.

Алакөл жағасындағы демалыс базасында 3 мың шаршы метр аумақ өртенген. 4 демалыс орны бүлінген. Бір-біріне жалғап салынған ағаш үйлерге өрт жылдам тараған, оның үстіне қатты жел де өртті сөндіруге кедергі келтірген. 5 сағат 40 минутқа созылған алапат өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаменті және полиция, жергілікті органдардан келген 186 адам мен 29 техника жұмылдырылды. Өрттен зардап шеккен 7 адам медициналық қызметке жүгінген. Алайда олар ауруханаға жатудан бас тартқан, - делінген Абай облысының ТЖД баспасөз қызметі хабарламасында.

Айта кетсек, 4 шілде күні сағат 23:20-да Алакөл жағасындағы демалыс базасында өрт шыққан. Қатты желден қызыл жалын қас қағым сәтте көрші базаны шарпып үлгерген.

Өзгелердің жаңалығы