Алакөлде Достық-Мойынты учаскесі жаңартылады

17 Тамыз 2021, 11:37
3112
Бөлісу:
Алакөлде Достық-Мойынты учаскесі жаңартылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысы Алакөл ауданындағы Достық – 19 разъезд аралығында екінші жолдың және 19 разъездегі үш қабылдау-жөнелту жолының құрылысы басталды, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта екінші жолды төсеу үшін жерді дайындау жұмыстары жүргізілуде. 110 мың текше метрден астам жер төсемі себілді. Сондай-ақ, 3 су өткізу құбыры ұзартылып, темірбетон теміржол көпірінің құрылысы жүргізілуде.

Достық станциясында станциялық жолдарды қайта төсеу үшін жер төсемін салу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. №19 разъезде сыртқы электрмен жабдықтау тіректерін монтаждау үшін дайындық жүргізілуде.

Бұл жұмыстарға 80-нен астам адам және 45 бірлік арнайы техника (автогрейдерлер, сырғыштар, авто су тасығыштар, топырақ катоктары, автосамосвалдар, экскаваторлар, автокрандар) жұмылдырылды.

Алакөлде Достық-Мойынты учаскесі жаңартылады

Достық-Мойынты учаскесін дамыту – Достық-Ақтоғай-Мойынты-Жарық-Жезқазған-Сексеуіл-Қандыағаш-Ақтөбе-Илецк темір жолы көлік дәлізін жаңғырту бойынша ауқымды жобаның бір бөлігі.

Жоба инфрақұрылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда, Қазақстанның ұлттық теміржол желісін дамыту жөніндегі мемлекеттің стратегиялық міндеттеріне жауап береді, әлеуметтік және экономикалық маңызы бар.

Жобаны іске асыру пойыздар қозғалысының жылдамдығын арттыруға, Қазақстанның Қытай-Еуропа бағыты бойынша негізгі транзиттік дәлізінің өткізу және тасымалдау қабілетін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

 

Өзгелердің жаңалығы