«Ақжайық» резерватында құстар қырылып жатыр

8 Қараша 2020, 05:41
1817
Бөлісу:
«Ақжайық» резерватында құстар қырылып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ. «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватында құстардың жаппай қырылуы тіркелді. Бұл туралы azh.kz жазды.

4 қарашада резерват қызметкерлері 16 құстың - 11 суқұзғын мен 5 шағаланың өлексесін тапты. Келесі күні мониторинг кезеңінде тағы 20 суқұзғынның өлексесі табылды.

Аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының өкілі Мереке Шалқаровтың хабарлауынша, 6 қазанда резерваттан 6 өлі суқұзғын табылған, ал 7 қарашада тағы 7 құстың өлексесі табылыпты.

Құстардың қырылу себебі анықталып жатыр. Ветеринариялық зертханамен бірлесе отырып, биоматериалдар алып, Нұр-Сұлтандағы «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталыққа» жібердік. Экология департаментінің мамандары резерваттан зертханалық талдау үшін су, топырақ және ауа сынамаларын алды. Нәтижелерін күтеміз. Қазір резерват қызметкерлері өлі құстарды өртеп жатыр.
Шалқаровтың айтуынша, резерватта құстар бірінші рет қырылып отыр.
Біз облыс бойынша күнделікті мониторинг жасауды бастадық. Барлық ауданда қызметкерлеріміз аралап, жабайы құстар мен жануарлар қырылып жатыр ма, жоқ па, ақпарат жинайды, - дейді инспектор.

Өзгелердің жаңалығы