Ақылы жолдарды қамтуға республикалық бюджеттен ақша бөлінбейді – Қамалиев

9 Қыркүйек 2021, 12:55
6068
Бөлісу:
Ақылы жолдарды қамтуға республикалық бюджеттен ақша бөлінбейді – Қамалиев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев Президент жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Ақылы жолдарға төленетін қаржы оны қамтамасыз етуге бағытталады. Жолда кім жүреді, солар оны қамтамасыз етуге төлейді. Біз осыған дейін де айттық, ақылы жолдарды қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен ақша бөлінбейді. Алғашқы ақылы жол 2013 жылы енгізілді, - деді ол.

Қамалиев атағандай, бүгінде ақылы жолдардың саны 4-ке жетті.

Оның жалпы ұзындығы 682 шақрымды құрайды. Тариф 2013 жылы бекітілді. Олар өзгермейді. Мысалы, Ресейде жеңіл көлік 7 теңге, жүк көліктері 7-55 теңге төлейді. Еуропада бұл көрсеткіш одан да жоғары, - деді Берік Қамалиев.

Ол атағандай, жол-құрылыс жұмыстарымен 8,4 мың шақырым қамтылған.

Оның ішінде республикалық желі бойынша 5 мың шақырым, соның 3,6 мың шақырымы реконструкциямен, 1,4 мың шақырымы жөндеу жұмыстарымен қамтылды, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы