Жолдың ақылы учаскелерінде RFID-технологиялары енгізілді

4 Желтоқсан 2020, 09:36
1277
Бөлісу:
Жолдың ақылы учаскелерінде RFID-технологиялары енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «QazAvtoJol» ҰК» АҚ еліміздің автомобиль жолдарындағы ақылы учаскелерінде RFID-технологияларын енгізді.

Автокөліктің алдыңғы әйнегіндегі RFID-жапсырманың сәйкестендіру коды анықталғаннан кейін, жүйе көлік туралы ақпаратты алып, ақылы учаскелердегі төлем қабылдау пункттерінен кедергісіз өткізеді. Бұл нөмірді дұрыс анықтау, жүріп өткен жол бойынша қаражатты дұрыс есептеуге арналған шаралардың бірі, - делінген хабарламада.

RFID белгілерді төлем қабылдау пунктінде орнатылады. Белгіні көлікке орнату және жүйеде тіркеу үшін 5 минуттай уақыт қажет. Белгіні алу және орнату үшін төлемақы алынбайды. 

Қазіргі таңда аталмыш белгілер Нұр-Сұлтан-Щучинск, Нұр-Сұлтан-Теміртау және Алматы-Қапшағай учаскелеріндегі төлем қабылдау пункттерінде орнатылуда. Жақын уақытта Алматы-Қорғас учаскесінде де енгізіледі деп жоспарланған. 

Жолдың ақылы учаскелерінде RFID-технологиялары енгізілді

Жаңа белгілер енгізілгенімен, жеке шотты толықтыру әдісі өзгермейді. Жеке шот мемлекеттік тіркеу нөмірі бойынша толықтырылады.



Өзгелердің жаңалығы