Ақтөбедегі кен орнында жұмысшылар көз жұмды

31 Желтоқсан 2020, 03:06
1762
Бөлісу:
Ақтөбедегі кен орнында жұмысшылар көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбенің Хромтау ауданындағы кен орнында төрт жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

30 желтоқсан күні сағат 21: 21-де Хромтау аудандық өрт сөндіру бөлімінің пультіне Көктау кентінен 30 шақырым жерде орналасқан «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС-нің «Весенняя Аралчинская» шахтасында жарылыс жұмыстары жүргізілгені, сол кезде төрт жұмысшының қаза болғаны туралы хабарлама келіп түсті. 

Оқиға орнын барлау кезінде 4 жұмысшының қаза тапқаны және бір адамның зардап шеккені анықталды. Қазіргі уақытта зардап шеккен жұмысшыны медицина қызметкерлері тексеріп жатыр. Оқиғаның себебі анықталуда. Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің тапсырмасы бойынша оқиғаның мән-жайын анықтау үшін облыс әкімінің орынбасары С.Бекбергенов және ТЖД қызметкерлері шықты, -делінген хабарламада.
Өзгелердің жаңалығы