Ақтөбеде тергеудегі азаматтар сайлауға қатысты

10 Қаңтар 2021, 17:52
1408
Бөлісу:
Ақтөбеде тергеудегі азаматтар сайлауға қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Парламент Мәжілісі мен Мәслихат сайлауына Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты КА-168/1тергеу мекемесіндегі 89 сайлау учаскесіне тергеу қарауындағылар мен сот үкімдері заңды күшіне енбеген күдіктілер және айыпталушылар өз дауыстарын берді. 

Мекемеде өткен сайлау процесі кезінде оған қатысушылардың тиісті санитарлық талаптарды сақталуы бақылауда болды. Дауыс беруге арналған үй-жайларға дезинфекциялық және желдетулер жасалып, әлеуметтік арақашықтық сақталды. Сонымен қатар сайлау процесі өтіп жатқан мекеме тиісті бақылау, күзет және қадағалаумен қамтамасыз етілді. 

Ақтөбеде тергеудегі азаматтар сайлауға қатысты

Жергілікті уақыт бойынша 07:00-де басталған сайлауға КА-168/1тергеу мекемесіндегі дауыс беруге құқығы бар 241 азамат өз таңдауларын жасап, дауыс берді. 

Сайлау процесіне барлық қажетті санитарлық-эпидемияға қарсы талаптарды сақтай отырып өтуде. Сондай-ақ сайлау комиссиясының барлық мүшесі алдын ала ПТР-тестілеуден өткізілді. Бұған дейін тергеу изоляторының қызметкерлері күдіктілер мен айыпталушыларды сайлау құқықтары және дауыс беру тәртібі мен рәсімімен алдын ала таныстырды, - деп атап өтті Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы әділет полковнигі Алмас Шамишев. 
Айта кетейік, тергеу изоляторларының сайлау учаскелеріне қол жеткізу тергеу изоляторларының қызметін регламенттейтін нормативтік-құқықтық актілерге және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңына сәйкес жүргізіледі.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес тергеу изоляторларында отырған, үкімі заңды күшіне енбеген ҚР кәмелетке толған азаматтары жалпыға бірдей белсенді сайлау құқығына ие.

Өзгелердің жаңалығы