Ақтөбеде 34 мұғалім жалған дипломмен сабақ беріп келген

13 Қыркүйек 2019, 18:18
2335
Бөлісу:
Ақтөбеде 34 мұғалім жалған дипломмен сабақ беріп келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жоғары оқу орындарында мұғалімдердің диплом алғандарын растамады, деп хабарлады Aktobenews.kz облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

"34 мұғалімнің 13 балабақшада, 11 орта мектептерде, 7 колледждерде, 3 қалған білім ордаларында жұмыс істейді. Бес мұғалім музыка колледжінде «фортепиано» мамандығы бойынша жоғары білім дипломдарымен сабақ беріп жүр. Алайда Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде мұндай мамандықпен түлектер даярланбаған", - делінген таратылған ақпаратта.

Жалған құжаттарды пайдаланған адамдарды жауапкершілікке тарту және жалған құжаттарды әзірлеген адамдарды анықтау үшін материал ішкі істер органдарына жолданды.

Ақтөбе қаласының әкімі және білім басқармасының атына заңсыздықты жою туралы ұсыныс жасалды.

Өзгелердің жаңалығы