Ақтөбеде 19 жылдан бері іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

7 Қараша 2020, 16:07
2346
Бөлісу:
Ақтөбеде 19 жылдан бері іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Түрікменстанның құқық қорғау органдары іздестіріп жатқан қылмыскер ұсталды. 

46 жастағы ұсталған азамат 2001 жылдың қаңтарында өзінің таныстарымен алдын ала сөз байласып, өз отанында қарақшылық шабуыл жасап, қасақана кісі өлтірген. Оның екі сыбайласы қылмыс жасағаннан кейін ұсталып, әртүрлі мерзімге сотталды, ал ол Қазақстанның өңірлерінде жасырынып жүрген, - деп хабарлады Ақтөбе облысының ІІД. 
Қазіргі уақытта Түрікменстан азаматы УҰИ-ға қамалып, кейіннен көрші елдің құқық қорғау органдарына берілетін болады.

 

 

 


Өзгелердің жаңалығы