Ақтөбе облысының сайлауды бақылау штабына 2 мыңнан астам байқаушы енді

3 Қаңтар 2021, 14:13
1356
Бөлісу:
Ақтөбе облысының сайлауды бақылау штабына 2 мыңнан астам байқаушы енді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 3 қаңтарда Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасын түсіндіру бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстел жұмысына облыстық штаб мүшелері, саяси партиялардың, ҮЕҰ және кәсіподақ ұйымдарының бақылаушылары қатысты.

Отырыс барысында облыстық штаб төрағасы Ерәділ Уббениязов, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, заңгер Артем Коняхин және ҮЕҰ байқаушылары сөз сөйледі.

Айта кету керек, облыста ҚР сайлауын партиялық емес бақылау штабы құрылды. Оған ҮЕҰ мен кәсіподақ ұйымдарынан 2 мыңнан астам бақылаушы енді.

Өткен жылдың желтоқсан айынан бастап штаб мүшелері бақылаушыларды оқыту бойынша бірқатар іс-шара өткізді.

Байқаушылар оқу курстарынан өтті. Сайлау процесі барысында өздерінің құқықтары мен міндеттерін біледі.

Өзгелердің жаңалығы