Ақтөбе облысында Өзбекстанға баратын шекара бекеті салынады

4 Қыркүйек 2019, 23:02
3067
Бөлісу:
Ақтөбе облысында Өзбекстанға баратын шекара бекеті салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Жиренқопа - Первомайский», «Үшқатты - Союзная» шекара бекеттері халықаралық статус беріледі. Бұл туралы өңір басшысы Оңдасын Оразалин облыс активінде айтты, деп хабарлады Aktobenews.kz.

Қазақстан пен Ресей шекарасында жаз айларында кезек көбейіп, өткізу бекеттері үлгере алмай жатады. Жолаушылар кейде 5-6 сағат бойы күтіп қалады. Осы олқылықты жою үшін «Жиренқопа – Первомайский», «Үшқатты - Союзная» шекара бекеттеріне халықаралық статус беріледі. 

«Ресей тарапымен келісіп, екі өткізу бекетіне халықаралық статус беру келісімі жүрді. Осы арқылы біз «Жайсаң» бекетіндегі көлік кезегін азайта аламыз. Сонымен қатар Шалқар ауданының Бозой ауылы маңында Өзбекстанмен арадағы шекара бекеті салынады. Құрылыс жұмысы басталды», - деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин. 

Өзгелердің жаңалығы