Ақтөбе облысында есірткі пайдаланған жүргізуші ұсталды

Ақтөбе облысында есірткі пайдаланған жүргізуші ұсталды
3162

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында есірткі пайдаланған жүргізуші ұсталды, деп хабарлады polisia.kz.

6 тамызда Самара-Шымкент автожолында кезекшілік еткен Ақтөбе облысы ПД патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Орал әріптестерінен БҚО-да Toyota Estima автокөлігінің ұрланғаны және Ақтөбе жағына қарай бет алғандығы туралы ақпарат алды.

Біраз уақыттан кейін полиция аталған көлікті тас жолда байқады, біраз уақыт қудалаудан кейін көлік тоқтап қалды.

Көлікті 39 жастағы жүргізуші басқарған, оның жағдайы полиция қызметкерлерінің күдігін тудырды. Күдік расталып, ол ер адамның көлікті мас күйінде басқарғанын көрсетті. Әкімшілік хаттама толтырылғаннан кейін айдап әкетуші мен автокөлік БҚО ПД полиция нарядына тапсырылды.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы