Ақтөбе қаласының әуежайында визит орталық ашылды

9 Желтоқсан 2021, 22:23
2434
Бөлісу:
Ақтөбе қаласының әуежайында визит орталық ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Ә.Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайда​ “Visit Aktobe” визит орталығының ашылу салтанатына​ қатысты.

Жобаның басты мақсаты —​ ішкі туризмді дамыту.

Орталықта өңірдің туристік нысандарына​ қатысты кеңес беру қызметтері көрсетілетін болады. Сонымен қатар жергілікті өндірушілер мен​ ​ қолөнершілердің брендтелген өнімдері тұратын бұрыш​ орналасқан,- дейді Ақтөбе облысының Кәсіпкерлік басқармасының басшысы Нұрхан Тілеумұратов.​
Ақтөбе қаласының әуежайында визит орталық ашылды

Жалпы, “Visit Aktobe” —​ бұл әрбір қалаған адам өңірдегі​ жергілікті туристік өнімдер,​ ​ көрнекі жерлер, тарихи құндылықтар, шаралар, экскурсиялық маршруттар және т.б. жайында​ толық ақпарат алуға болатын​ туристік-ақпараттық орталық.

Бүгінде бізде 18 туристік маршрут жұмыс жасайды, туристерді орналастыратын жүздеген​ ​ орын мен сексеннен аса мәдени ескерткіштер бар. Осылардың барлығы жайлы айтып, көрсететін болады,- деп нақтылады Нұрхан Тілеумұратов.​
Ақтөбе қаласының әуежайында визит орталық ашылды

Облыс әкімі визит орталықтың азаматтарды қабылдауға дайындығына баға беріп, ұжым алдында бірқатар тапсырмалар берді және өңір игілігі үшін​ табысты қызмет атқаруларын тіледі.

Мәдениет басқармасымен тығыз жұмыс істеңіздер, өйткені туристерді қызықтыратын көптеген шаралар өткізіледі. Мәселен,​ Димаш Құдайберген қатысатын​ жыл сайынғы​ «Бақытты бала»​ халықаралық​ фестиваль-байқауы, сондай-ақ, жарынға жоспарланған халықаралық көшпенділер фестивалі. Біздің өңірге келетін қонақтарды осындай шаралар туралы хабардар етіп отыру керек,- деп атап өтті Оңдасын Оразалин.


Өзгелердің жаңалығы