Ақтөбе әуежайына Әлия Молдағұлованың есімі берілді

13 Қаңтар 2021, 01:36
2739
Бөлісу:
Ақтөбе әуежайына Әлия Молдағұлованың есімі берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Ақтөбе халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамына Әлия Молдағұлованың есімі берілді. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы №281 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: «Ақтөбе халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамына Әлия Молдағұлованың есімі берілсін. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, – делінген қаулыда.
Кеңес одағының батыры Әлия Молдағұлова Ақтөбе облысы Қобда ауданында туған.
Өзгелердің жаңалығы