Ақтаулықтар үнді мәдениетімен танысты

23 Қараша 2021, 16:22
3412
Бөлісу:
Ақтаулықтар үнді мәдениетімен танысты
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістан тәуелсіздігінің 75 жылдық мерейтойы Ақтау қаласында атап өтілді. Бұл туралы Үндістанның Қазақстандағы елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақтаулықтар үнді мәдениетімен танысты

Үндістан өзінің ежелгі мәдениеті мен өркениеті, әдебиеті, биі мен музыкасы, классикалық және халық өнері, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, жәрмеңкелері мен фестивальдері, тілдері, тағамдары және дәстүрлі киімдерімен танымал. Бұл әртүрлі дәстүрлердің жанаса өмір сүруінің айқын көрінісі.

Ақтаулықтар үнді мәдениетімен танысты

Үндістан мен Қазақстанның ғасырлар бойы қалыптасқан ортақ мәдени мұрасы бар. Осынау ежелден жалғасқан тығыз байланыстарды нығайту үшін Свами Вивекананда атындағы мәдени орталық (SVCC) - Үндістанда оқуды жалғастыру үшін мәдени және академиялық бағдарламалар мен стипендиялар сияқты әртүрлі іс-шаралар арқылы Үндістанның бай және алуан түрлі мәдениеті туралы хабардар болу үшін іс-шаралар өткізеді.

Ақтаулықтар үнді мәдениетімен танысты

Қазақстандық жігерлі жас студенттердің үнді классикасы, халықтық билері мен музыкасын үйренуге деген қызығушылығы зор. Бұл Үндістан мен Қазақстан арасындағы рухани байланысты орнатып, мәдениеттің алтын көпірін нығайта түсері анық.

Ақтаулықтар үнді мәдениетімен танысты

Биылғы жылы SVCC Арқалық, Қостанай, Орал, Тараз, Өскемен және Қызылорда қалаларында түрлі іс-шаралар ұйымдастырды. Жоғарыда аталған қалалардағы семинарларға қатысқан студенттер онлайн үнді музыкасы, биі және йога курстарына қосылды.

Ақтаулықтар үнді мәдениетімен танысты

«Сәлем-намасте» Үнді этномәдени бірлестігінің және Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының шақыруымен 2021 жылдың 22-27 қарашасы аралығында Үндістан Елшілігінің Свами Вивекананда атындағы мәдени орталығының Катхак биі мұғалімі - Трипти Санвал ханым, музыка мұғалімі -Правин Кумар Дубей мырза және йога нұсқаушысы - Айгерім Айкенова ханым Ақтау қаласында йога, үнді билері мен музыкасы бойынша шеберлік сабақтарын өткізеді. Осы саладағы біліктілер ең бай ілімдердің бірі болатын Катхак классикалық би стилімен, үнді халық билерімен, Болливудтың би стильдерімен, үнді классикалық музыкасымен, Болливуд әндерімен, йога асаналарымен, пранаямамен, дхянмен таныстырады. Шеберлік сыныптарын түйіндеу ретінде - Ақтау қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының этникалық би және музыка ұжымдарымен бірлескен концерт өтеді.

Ақтаулықтар үнді мәдениетімен танысты

Нұр-Сұлтан қаласындағы Үндістан елшілігінің Свами Вивекананда атындағы мәдени орталығы «Сәлем-намасте» Үнді этномәдени бірлестігіне және Маңғыстау облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясына осы берілген тамаша мүмкіндік үшін алғысын білдіреді және алдағы уақытта да ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға үміттенеді.

Ақтаулықтар үнді мәдениетімен танысты

Өзгелердің жаңалығы