Ақтаулық оқушы жылыжай өсімдіктерін суаратын машина құрастырды

21 Қаңтар 2021, 14:37
2712
Бөлісу:
Ақтаулық оқушы жылыжай өсімдіктерін суаратын машина құрастырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтаудағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 10 «А» сынып оқушысы Диана Қуанбай жылыжай мен көгал суаруға арналған машина жасап шығарды. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Диана Қуанбай осы жобамен 2019 жылы айналыса бастаған. Әзірге робот макет күйінде дайын тұр.

Жұмыс жасау процесі оңайлатылған. Робот алдымен топырақтың ылғалдылығын өлшеп, осыған сәйкес су мөлшерін анықтап, жерді суарады. Әзірге білім ордамыздағы жылыжайда сынап жүрміз және роботты жетілдіру үстіндеміз. Осы жобамен облыстық ғылыми байқаулар жобасында жүлделі орыннан көріндік, енді республикада қорғаймын, - дейді өнертапқыш.

Диана қазіргі кезде бірегей жобасымен наурыз айында өтетін республикалық байқауға дайындалуда. Роботқа қауіпсіздіктен қорғайтын корпус, GPS датчик (робот анықтаған ақпарат ұялы телефоннан көрінеді ) орнату жоспарлап отыр.

16 жастағы Диана Қуанбай болашақта IT саласында бағын сынап көрмек. Еуропадағы беделді университетке түсуді жоспарлап отыр. Отбасындағы 4 баланың үлкені мектепті абыройлы тәмамдап, туған өлкенің дамуына өз үлесін қосуды армандайды.


Өзгелердің жаңалығы