Ақсуда үш адамды өлтіріп кетті, оның екеуі бала

12 Шілде 2021, 19:05
5857
Бөлісу:
Ақсуда үш адамды өлтіріп кетті, оның екеуі бала

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақсу қаласында пәтерлердің бірінен әйел мен екі баласының мәйіті табылды, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Бүгін сағат 11:40-та қалалық ПБ кезекші бөліміне пышақ жарақатымен 5 және 7 жастағы балалардың және әйелдің денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түскен. 

Оқиға орнына облыстық полиция департаментінің және прокуратураның басшылығы аттанған.

Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тәжірибелі жедел қызметкерлер, тергеушілер ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды.

Қазіргі уақытта оқиға орнында криминалистер жұмыс істеп жатыр. Жедел қызметкерлер мен учаскелік полиция инспекторлары куәгерлерді анықтау мақсатында аулаларды аралап, куәгерлерді анықтау үшін тұрғындарды сұрастырып жатыр, – деп түсіндірді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметінде.

ҚР ҚК «Адам өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды.

 

 


Өзгелердің жаңалығы