АҚШ-тағы дауылдың жойқын зардаптары туралы видео тарады

12 Желтоқсан 2021, 17:11
2375
Бөлісу:
АҚШ-тағы дауылдың жойқын зардаптары туралы видео тарады
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Twitter қолданушылары АҚШ-тың шығысындағы күшті дауылдың салдары туралы видео жариялады.

Риа Новости хабарлағандай, кадрлардан торнадоның бүкіл қаланы қиратып, үйлерді бұзғанын көруге болады.

Торнадолар мен дауылдар бірден бірнеше Америка штатын, атап айтқанда, Иллинойс, Миссури, Арканзас, Кентукки және Теннесси штаттарына болды. Зардап шеккендер саны 100 адамға жетті. Мысалы, Иллинойс штатында Amazon интернет-дүкенінің қоймасының қирауы салдарынан алты адам қаза тапты. Кентуккиде шам зауыты құлап, бірнеше ондаған тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті.


Президент Джо Байден табиғи апатты тарихтағы ең ауыр апаттардың бірі деп атады. Ол зардап шеккен кейбір аймақтарды соғыс аймағына теңеді.

Біз әлі қанша адамның қаза болғанын және қандай зиян келгенін білмейміз, - деді америкалық көшбасшы.
Өзгелердің жаңалығы