АҚШ-та үй құлап, 90 адам көз жұмды

11 Шілде 2021, 22:57
5000
Бөлісу:
АҚШ-та үй құлап, 90 адам көз жұмды

Нұр-Сқлтан, BAQ.KZ. Құтқарушылар Флорида штатының Майами маңындағы Сёрфсайд қаласында құлаған үйдің үйінділері астынан тағы төрт мәйітті шығып, қаза тапқандар саны 90-ға жетті. 

Бұл туралы Майами-Дейд округінің мэрі Даниэлла Левин Кава округтің Facebook трансляциясында журналистермен баспасөз брифингі кезінде айтты. 

Сонымен қатар Кава 31 адамның тағдыры белгісіз күйде қалып отырғандығын мәлімдеді. 

Еске сала кетсек, Сёрфсайдтағы көп қабатты тұрғын үй 24 маусымға қараған түні құлады. Бірінші күні үйінділердің астынан 37 адам шығарылды, бірақ содан кейін тірі қалғандар табылмады. Ал 7 шілдеде билік құтқару жұмыстарын тоқтатты. Қазір апат орнында қаза тапқандардың мәйітін іздестіру жүріп жатыр.

Бұған дейін Жапонияда лай көшкінінен 10 адам қаза болғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы