АҚШ Қазақстандағы отбасылық зорлық-зомбылықты тоқтатуға дайын – Эмбер Ора

25 Мамыр 2021, 17:27
4280
Бөлісу:
АҚШ Қазақстандағы отбасылық зорлық-зомбылықты тоқтатуға дайын – Эмбер Ора

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша АҚШ елшілігінің мәдениет және білім беру жөніндегі атташесі Эмбер Ора «отбасындағы жұп арасында зорлық-зомбылықсыз қарым-қатынас» жобасының қорытынды баспасөз конференциясында айтты.

Біз сіздермен 7 ай бойы серіктесе жұмыс істедік. Осы жобаға деген сенімдеріңіз бен адалдықтарыңыз шабыттандырды. Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы атқарған жұмыстарыңыз мақтауға тұрарлық. Мен осы жобаға байланысты, әсіресе, Қазақстан әйелдерінің икемді және шығармашыл болғандарын атап өткім келеді, - деді ол.

Эмбер Ора қазақстандықтардың тұрмыстық зорлық-зомбылық сынды маңызды мәселені шешуге ұмтылыстары үшін алғыс айтты.

Қазақстандық тәжірибелі мамандар мен сарапшыларды америкалық әріптестерімен байланыстыру - озық тәжірибелермен бөлісу мен адамдар арасында байланыс орнатудың маңызды әдісі. Ақпан айында өткен дөңгелек үстел аясында кейбір қатысушының берген пікірлері қатты әсер етті. Бүгін сізден алған тәжірибе туралы тыңдадық. АҚШ Қазақстандағы отбасылық зорлық-зомбылықты тоқтатуға дайын. Әрине, әлі де көп жұмыс істеуіміз керек. Дегенмен осындай жобалар мақсатымызға жетуге көмектеседі, - деді Нұр-Сұлтан қаласы бойынша АҚШ елшілігінің мәдениет және білім беру жөніндегі атташесі Эмбер Ора.

Эмбер Ора бұл баяндамасын қазақша оқып берді.

Мен Қазақстанға келмес бұрын қазақ тілі бойынша 44 сабақ өттім. Испан, орыс, қазақ және француз тілдерін білемін. Қазақ тілі мен орыс тілін оқуға бірдей уақыт бөлеміз. Меніңше, қазақша да, орысша да оңай тіл емес, - деді ол.
Бұған дейін психологтар мен студенттерге арналған оқу-әдістемелік құрал әзірленгені хабарланды. АҚШ-тың Қазақстандағы елшісінің орынбасары Теодор Линг тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы жария түрде айту маңызды екенін атап өтті.
Өзгелердің жаңалығы