Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы жария түрде айту маңызды – Теодор Линг

25 Мамыр 2021, 17:09
1668
Бөлісу:
Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы жария түрде айту маңызды – Теодор Линг

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы АҚШ-тың Қазақстандағы елшісінің орынбасары Теодор Линг «отбасындағы жұп арасында зорлық-зомбылықсыз қарым-қатынас» жобасының қорытынды баспасөз конференциясында айтты.

Маған Қазақстанда адамдардың команда болып тиімді жұмыс істейтіні әсер етті. Қазақстан пандемия қиындықтарын жеңіп, жоспарланған жобадан әлдеқайда ауқымды шараны алқымдады. Осы жоба аясында жұмыс істеген барлық адамға ризашылығымды білдіремін. Тренингке қатысушылар қауіпсіз білім алды деп ойлаймын. Сондай-ақ сіздердің америкалық серіктестерге деген сенімділіктеріңіз үшін алғыс айтамын. Біздің ынтымақтастық тиімді әрі мағыналы болды деп ойлаймын, - деді ол.

Теодор Линг атап өткендей, отбасылық зорлық-зомбылық - әлемдік маңызды мәселе.

Сондықтан ол туралы жария түрде айту керек. Бұл мәселеге қоғам бейжай қарамайды. Жобаның барлық қатысушысы белсенділік танытты. Оны жүзеге асыру үшін жандарын салды. Осы жоба аясында Қазақстанда даудың барлық тарапымен жұмыс істей алатын сапалы мамандардың ұрпағын қалыптастыруға әсер етеді деп ойлаймын. Биыл Қазақстан мен АҚШ дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығын мерекелейді. Бұл жоба - біздің өзара тиімді ынтымақтастығымыздың бір бөлігі ғана, - деді Теодор Линг.

Ол АҚШ-тың дипломатиялық миссиясының гранты Қазақстан қоғамына қажет саланы қолдап отырғанына қуанышты екенін айтты.

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісінің орынбасары Теодор Линг жобаның сәтті аяқталуымен құттықтады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай психологтар мен студенттерге арналған тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы оқу-әдістемелік құрал әзірленді.


Өзгелердің жаңалығы