АҚШ ғалымдары өлімге 82% тез апаратын штамм түрін атады

11 Тамыз 2021, 19:52
4471
Бөлісу:
АҚШ ғалымдары өлімге 82% тез апаратын штамм түрін атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ ғалымдары басқа штамдарға қарағанда өлім-жітімге тез әкелетін коронавирустың тағы бір түрін тапты. Оны кейбір адамдар тобы жұқтырған жағдайда өліп кету көрсеткіші 82 пайызға жоғары. Бұл туралы medrxiv.org хабарлады.

IOT штамм SARS-CoV-2 былтыр қараша айында тарала бастаған. Нью-Йорк қаласына толығымен жылдам жайылып үлгерді .

Нью-Йорк қалалық Денсаулық сақтау және психикалық гигиена департаменті мен Колумбия университетінің Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің ғалымдары бірлесіп вирусты 2020 жылдан бастап таралу аймағына зерттеу жүргізді. Олардың сөзінше, штамм басқа нұсқаларынан қарағанда мутацияға тез ұшырайды.

Сонымен қатар қауіпті деп саналатын штамдардан 0,42 пайызға жоғары. Ғалымдардың мәлімдеуінше, 45 жастан асқан адамдарда жұқтыру деректері көптеп тіркелген.

Өзгелердің жаңалығы