Ақпаратқа қол жеткізудің қазақстандық моделінің мықты тұстары айтылды

27 Мамыр 2021, 13:00
6004
Бөлісу:
Ақпаратқа қол жеткізудің қазақстандық моделінің мықты тұстары айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысында Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаментінің директоры Бекзат Рахымов айтты.

Оның айтуынша, биыл алғаш рет «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңға өзгерістер енгізілу аясында саланың жай-күйі туралы Мемлекет басшысының алдында есеп берілетін болады.

Есепті жасау барысында ақпаратқа қол жеткізу саласына терең талдау жасалды. Соның барысында біз саланың мықты тұстарын анықтадық. Бұл біріншіден, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңның өзі, яғни біздің елде мұндай заңның бар болуы. Сонымен қатар, ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ететін заманауи құралдары мен тәсілдерінің бар болуы, ақпараттың ашықтығыны мемлекеттік органдардан ғана емес, квазимемлекеттік сектордан, атқарушы органдар мен өзге органдардан талап етілуі, - деді ол.

Бекзат Рахымов бұл тізімге әрбір мемлекеттік органда уәкілетті мемлекеттік органның және уәкілетті тұлғаның болуы, ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөнінде комиссияның жұмыс істеуі арқылы қоғамдық мүдделер мен пікірлердің есепке алынуын да қосты.

Мемлекеттік органдардың ашықтық дәрежесінің жыл сайын бағалау мақсатында «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңның орындалуын мониторингілеу құралдарының болуы да ақпаратқа қол жеткізудің мықты тұстарының бірі, - деп атап өтті ол.

Бұған дейін «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заң аясында биыл алғаш рет есеп берілетіні туралы жазғанбыз.

Өзгелердің жаңалығы