«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заң аясында алғаш рет есеп беріледі

27 Мамыр 2021, 12:37
34621
Бөлісу:
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заң аясында алғаш рет есеп беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысында Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаментінің директоры Бекзат Рахымов айтты.

Өздеріңіз білетіндей, өткен жылдың соңында «Ақпаратқа қол жеткізу туралы заңға» бірқатар өзгеріс енгізілді. Солардың бірі - Мемлекет басшысы мен Үкіметке ақпаратқа қол жеткізу саласының жай-күйі туралы есеп беру. Биыл аталған есеп беру алғаш рет беріледі, - деп атап өтті ол.

Бекзат Рахымов сонымен қатар есеп барысында қамтылатын негізгі мәселелерге тоқталды.

Есеп өткен жылдың саланың негізгі даму сатыларына талдауын қамтиды. Негізгі басымдық қоғамдық маңызы бар ақпаратқа ашық қолжетімділікті қамтамасыз ететін мемлекеттік органдарға жасалды. Бұдан былай ақпаратқа ие барлық санатқа назар аударылатын болады, -деді ол.

Оның айтуынша, есеп негізгі үш құрылымнан тұрады.

Ең алдымен, ақпаратқа қол жеткізу саласын дамытудың негізгі кезеңдері мен жаһандық әсерлер қарастырылады. Сонымен қатар ақпаратқа қол жеткізудің құралдары мен ұсыныстар, даму перспективлары жайлы айтатын боламыз, - деді ол.

Бекзат Рахымовтың сөзінше, есеп БҰҰ ЮНЕСКО-ның Алматыдағы өкілдігінің қатысумен жасалды және халықаралық сарапшылардың және әлеуметтік зерттеулердің нәтижесі басшылыққа алынды.

Өзгелердің жаңалығы