Ақмолалық Отан қорғаушыларға құрмет көрсетілді

7 Мамыр 2021, 11:47
1827
Бөлісу:
Ақмолалық Отан қорғаушыларға құрмет көрсетілді

Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Отан қорғаушы күні мерекесінде Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев әскери борышын өтеп жүрген сарбаздармен кездесті.

Облыс орталығында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде құқық қорғау органдарына жәрдемдесу, сондай-ақ облыстың түзеу мекемелеріндегі сотталғандарды күзету және қадағалау бойынша міндеттерді орындайтын ҚР Ұлттық ұланының 5510 әскери бөлімінде өңір басшысына әскери-жауынгерлік тапсырмаларды орындауға арналған әскери формалар, техника және қару үлгілері таныстырылды. 

Тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан жауынгерлердің ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. 

Ақмолалық Отан қорғаушыларға құрмет көрсетілді

Қазақстан-бейбіт мемлекет, бірақ өз тәуелсіздігін қорғау үшін елдің мықты армиясы болуы керек. «Біз өзіміздің күштік құрылымдарымызды, армиямызды мақтан тұтамыз және олардың әлеуетін нығайту үшін барлығын жасаймыз. Бүгінде Қазақстанның жақсы жабдықталған, мобильді 75 мыңдық армиясы бар, оның қатарына жыл сайын 35 мыңға жуық Отан қорғаушы, ал Ақмола облысынан шамамен екі мың сарбаз шақырылады. Отан қорғаушылар күні барлық ТМД елдерінің ұлы мерекесі – Жеңіс күні қарсаңында атап өтіледі. Әрбір шаңырақ аталар мен әкелердің ерлігін еске алады, біз әрдайым қауіпсіздікті қамтамасыз ететін адал ұлдарды мақтан тұтамыз, – деді Ермек Маржықпаев. 
Өңір басшысы жұмыс пен отбасы арасындағы тепе-теңдікті сақтап, өңірдің әскери оқу орындарында, байланыс бөлімшелерінде табысты еңбек етіп жүрген әскери қызметшілердің 13%-ы нәзік жандылар екенін атап өтіп, еңбектеріне табыс тіледі. 

Ақмолалық Отан қорғаушыларға құрмет көрсетілді

Айталық, Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаментінің пробация қызметіне басшылық ету бөлімінің аға инспекторы Әсел Елубаева қылмыстық-атқару жүйесі органдарына колледжді бітіргеннен кейін 19 жасында келді, университетті сырттай аяқтады, бүгінде жұбайымен үш бала тәрбиелеп отыр. 

Еңбек жолын қатардағы қызметкерден бастадым, қазір әділет майоры атағын алдым. Тәуелсіздік құрдасы ретінде өз еліммен бірге өскенімді мақтан тұтамын, - деп бөлісті ол. 
5510 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс бөлімі бастығының аға көмекшісі, аға лейтенант Тұрсынай Қалиева психолог лауазымын атқарады. 
Біздің бөлімде 1500 адам қызмет етеді, олардың 1000-ы – сарбаздар. Біздің міндет – оқу курсы кезінде бір ай ішінде олардың психологиялық жағдайын зерттеу және бөлім командиріне ұсыныстар беру, - деп бөлісті ол. 
Ақмолалық Отан қорғаушыларға құрмет көрсетілді

Отан қорғаушылар күніне орай үздік сарбаздар алғыс хаттар және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Өңір басшысы «Жас Ұлан» республикалық балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына жас көкшетаулықтарды қабылдау рәсіміне қатысты. 5-6 сыныптардың 10 оқушысы – оқу озаттары, белсенділер, шығармашылық конкурстар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздарына Ермек Маржықпаев ұйымның көгілдір галстуктерін тағып, табыс тіледі. 

Облыс басшысы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметіне, егемен елдің қалыптасу тарихына арналған облыстық тарихи-өлкетану музейі залдарының бірі – «Елбасы және Тәуелсіздік» іс-шарасын өткізудің символдық мәні бар екенін атап өтті. 

Биыл біз маңызды датаны – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын, сонымен қатар, «Жас Ұланның» он жылдық мерейтойын атап өтудеміз. Жасұлан болу – білімқұмар, еңбекқор болу, ең бастысы, өз Отанын сүю деген сөз. Осы ұйымда өткізген жылдар сіздер үшін ең қызықты, есте қалар кезең болсын!, – деп жылы лебізін білдірді болашақ Отан қорғаушыларға. 
Ел тыныштығын күзету жолында қалтқысыз қызмет етіп жүрген азаматтарға облыс әкімінің ведомстволық наградалары мен алғыс хаттары табыс етілді. 
Бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға облыстың түрлі күштік ведомство өкілдері өз үлестерін қосуда. Жасалған құқық бұзушылықтар санының азаюы – полиция органдарының еңбегі. ТЖ органдарының жедел әрекетінің арқасында биыл елді мекендер су тасқынынан зардап шеккен жоқ. Мысалы, өткен айда есірткі құралдарын таратушылардың жолын кескен Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне ерекше алғысымызды білдіреміз. Прокуратура қызметкерлерінің есебінде көптеген тамаша нәтижелер бар. Кез-келген төтенше жағдайда сіздер өздеріңіздің қызметтік және азаматтық парызыңыздарыңызды жоғары деңгейде орындап келесіздер, - деп түйіндеді өңір башысы.



Өзгелердің жаңалығы