Ақмолада жасөспірімдер қылмысы азайды

1 Маусым 2021, 17:40
1056
Бөлісу:
Ақмолада жасөспірімдер қылмысы азайды

Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысында жасөспірімдер қылмысы азайып келеді. Бұл туралы «Nur Otan» партия Ақмола облыстық филиалы жанындағы Отбасы, әйелдер және балаларды қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес отырысында мәлім болды.

Өңірде 2020-2021 жылдарға арналған «Бақытты отбасы» партиялық жобасы бойынша Жол картасының негізгі бағыттары жүйелі іске асырылуда.

Бұл – басты жобалардың бірі. Қоғамдық кеңесте біз нақты проблемалар мен оларды шешу жолдарын анықтаймыз. Отбасы, ана мен бала мәселелері қоғамда басты назарда екені белгілі. Бүгінгі таңда бұл бағытта көп жұмыстар атқарылуда, бірақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қолайлы орта құрумен байланысты проблемалар бар, қолайсыз отбасыларда өсіп келе жатқан балалар айрықша назар аудару аймағында болуы керек, - дейді  «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов.

Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ботакөз Дүйсенованың мәлімдеуінше, барлық қалаларда, кенттерде, аудандар мен ауылдық округтерде полицияның тірек пункттері базасында өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар мен балаларға атаулы, нақты көмек көрсету үшін жедел ден қою топтары құрылған. Оларға мектеп психологтары, білім беру ұйымдарының әлеуметтік педагогтары енгізілген. Қазіргі уақытта полиция органдарында 712 қолайсыз отбасы есепте тұр, онда 955 бала бар. Мұндай отбасылардың жүйелі түрде тұрғын үй жағдайы тексеріледі.

Жұмыс нәтижелері бар. Төрт айдың қорытындысы бойынша облыста кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар саны 51,28%-ға төмендеді, яғни 2020 жылғы 39 жағдайдан 2021 жылы 19 жағдайға дейін. Ішкі істер органдарының есебінде тұрған жасөспірімдер саны 9% - ға қысқарды (2020 жылғы 452-ден 2021 жылғы 411-ге дейін), - дейді Ботакөз Дүйсенова.

Кеңесте балалар үшін қауіпсіз инфрақұрылым құру, мектеп тақырыбы талқыланды. Өңірдегі барлық 556 мектеп пен 250 балабақша бейнебақылау жүйелерімен 100% қамтамасыз етілгенімен, басқа мәселелер күн тәртібінен әлі алынған жоқ.

Облыстың ювеналды полицияны тексеру нәтижелері 881 білім беру ұйымының 805-інде мамандандырылған күзет, 780-де «алаңдатарлық» түймелер жоқ екенін көрсетті.  Олардың кейбіреулерінде бейнетүсірілім стандарттарға сәйкес келмейді, ұйымдардың басым көпшілігінде ол полицияның кезекші бөлімдерінің жүйесімен біріктірілмеген. Бұл тұрғыдан алғанда, Көкшетау мектептері, ауылдық мектептер, соның ішінде Бурабай және Есіл мектептерінде бірізділік бар, - деп атап өтті Ботакөз Дүйсенова.
Өзгелердің жаңалығы