Ақмола облысының ТЖ департаментіне жаңа бастық тағайындалды

6 Желтоқсан 2020, 00:07
2130
Бөлісу:
Ақмола облысының ТЖ департаментіне жаңа бастық тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.КZ. ҚР ТЖ бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Ақмола облыстық ТЖ департаментінің жаңа басшысын таныстырды. Министрдің бұйрығымен бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған Нұрлан Атығаев осы лауазымға тағайындалды.

Өз кезегінде Ақмола облысы ТЖД экс-бастығы Алексей Советов ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Нұрлан Атығаев 1978 жылы 31 мамырда Көкшетау облысында дүниеге келген, Қазақстан Республикасы ТЖА Көкшетау техникалық институтын бітірген.

Еңбек жолын Нұрлан Бауыржанұлы Солтүстік Қазақстан облысы Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің Айыртау ауданы № 7 өрт сөндіру бөлімінің инспекторы болып бастады.

Әр жылдары Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Тайынша ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы болып жұмыс істеді. Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы. Соңғы бес жыл бойы Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды.

Өзгелердің жаңалығы