Ақмола облысының аудандық прокуратурасы су және жылу тарифтерін төмендетті

7 Тамыз 2019, 09:28
2152
Бөлісу:
Ақмола облысының аудандық прокуратурасы су және жылу тарифтерін төмендетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астрахан ауданының прокуратурасы жүргізген талдау нәтижесі бойынша «Комхоз» ШЖҚ МКК қызметінде су және жылу энергиясын беру қызметіне тариф белгілеу саласында көптеген заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлады Бас прокуратураның сайты.


 
"Сумен және жылумен қамтамасыз ету тарифтерінде қызметтер мен жұмыстарға арналған нақты шығындар негізсіз көтерілді. Тұтынушыларға келтірілген шығындар 2 млн 166 мың теңгені құрады және ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап 1 жылға өтемдік тарифтерді енгізу жолымен өтелді. Атап айтқанда сумен жабдықтау бойынша тарифтер 74,8 теңгені немесе 38,7%-ға (1м² 193 теңгеден 118,2 теңгеге дейін), жылумен жабдықтау бойынша 488,7 теңгеге немесе 9,4 % (1Гкал 5 173,2 теңгеден 4 684,4 теңгеге дейін) төмендеді", - делінген таратылған ақпаратта.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша шамамен 4 700 азаматтың құқықтары қорғалды.
Өзгелердің жаңалығы