Ақмола облысында жүк көлігі жүргізушісімен қоса батпаққа батып кетті

18 Сәуір 2021, 12:20
3025
Бөлісу:
Ақмола облысында жүк көлігі жүргізушісімен қоса батпаққа батып кетті
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Апат салдарынан көлік жүргізушісі сол жерде көз жұмды.

Кеше newsmakers.kz парақшасында Ақмола облысы Шортанды ауылының жолы бойында тас карьердегі батпаққа батқан жүк көлігінің бейне жазбасы жарияланып, ішіндегі жүргізушінің көз жұмғаны жайлы жазылды. 

Парақшада көз жұмған азамат сол күні егіз сәбилі болып жатқаны жайлы да айтылған.


Шортанды ауданының әкімінің орынбасары Қабдолла Орынбасаров аталған фактінің орын алғанын растады. Оның айтуынша, қаза болған жүргізуші 1994 жылы туған. Есімі Мақсат Данияров. Ал оның сол күні егіз сәбилі болғаны жайлы ақпарат расталмады.

Ақмола облысы Полиция департаменті аталған фактіге қатысты мәліметпен бөлісті. 

Аталған оқиға 16 сәуір күні Шортанды ауданының Бектау ауылының маңында орын алған. Еріген қар суының салдарынан ауыл жолының бір бөлігі шайылып кетті. Жүк көлігінің жүргізушісі зауытқа қарай бет алып, жолда батпаққа батып қалды. Көлікті бульдозер көмегімен шығару кезінде шайылған жолдың салмағымен көлік кабинасы суға кетті. Артынша көліктің өзі де жасанды қоймаға батты. Апат салдарынан көлік жүргізушісі сол жерде көз жұмды. Аталған факт бойынша Қылмыстық Кодекстің 13-бөлімі 156-бабы бойынша «Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалды, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы