Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өңірде бас дәрігердің қаулысына сәйкес вакцина алмаған қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді. Бұл туралы Ақмола облысының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің жетекшісі Айнагүл Мусина мәлімдеді.
Тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы үш ай ішінде Сovid-19-бен ауырғандарға ғана қатаң талап қойылмайды.
Міндетті вакцинация бірқатар сала қызметкерлері үшін енгізіледі. Бұл санатқа халыққа қызмет көрсету, көтерме және бөлшек сауда, мәдениет және демалыс нысандары кіреді. Сондай-ақ жолаушылар тасымалы, білім беру және тәрбие, денсаулық сақтау ұйымдары, дәріхана, шипажай, қоғамдық тамақтандыру, коммуналдық шаруашылық нысандары, медициналық-әлеуметтік мекемелері қызметкерлерінен екпе алу талап етіледі, – деп түсіндірді Айнагүл Мусина.
Оның мәліметінше, вакцинацияланбаған қызметкерлер үшін міндетті ПТР-тестілеу енгізіледі. Өңірде халықты иммундау үшін вакциналардың төрт түрі қолданылады – СпутникV, QazVac, Xayatvaх және CoronaVac. Бірінші компонентпен 1 471 117 адам, екінші компонентпен - 78 394 адам егілді. Медицина қызметкерлері – 93, педагогтар – 69, полиция қызметкерлері – 80, мемлекеттік қызметкерлер – 53, өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметкерлері – 29, студенттер – 19, жергілікті өзін-өзі басқару қызметкерлері-61%.
Облыста COVID-19 дертін жұқтыру дерегімен тіркелу артып келеді. Соңғы аптада күніне 260-тан 643-ке дейін өсті, апталық қарқынды көрсеткіш 2,5 есеге артты. Шілде айының басынан бері Көкшетау (42 жағдай), Бурабай (25 жағдай), Целиноград (19 жағдай) және Бұланды аудандарында (19 жағдай) ең көп өсім байқалады. КВИ науқастарынан алынған оң зертханалық үлгілердің ПТР-скринингінің нәтижелері бойынша зерттелген 22 үлгінің 4-інде "Дельта" штаммына тән мутация ықтималдығы анықталды, - деп бөлісті бас санитарлық дәрігер.
Өңірде КВИ бойынша реанимацияда 56 пациент, өте ауыр жағдайда он, төрт пациент ӨЖЖ аппаратында, 26 пациент өкпені инвазивті емес желдету аппаратына қосылған. Облыс бойынша науқастардың артуына байланысты қосымша орындар ашыла бастады.
Соңғы көрсеткіштер бойынша Ақмола облысында COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып отыр. Бүгінгі таңда өңірде 19 ұйым КВИ-мен күресте көмек көрсетеді.
Облыста 1550 инфекциялық және 149 реанимациялық орын жұмыс істейді. 56 пациент ауыр халде. Науқастардың ең көп саны Көкшетау көпсалалы ауруханасының базасындағы инфекциялық аурулар орталығында. Бүгінде онда 147 науқас емделуде. Пациенттер саны бойынша екінші орында - Ақмола облыстық фтизиопульманология орталығы, онда 107 пациент емделуде. Жағдайы ауыр науқастар – он. Төртеуі арнайы аппаратқа қосылған, - деп түсіндірді Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Сыздықов мәлімдеді.
Жедел жәрдем шақыруларының саны өткен аптамен салыстырғанда 24%-ға артты.
Алаңдаушылық хабарламалар Нұр-Сұлтан қаласынан көп түседі. Осыған байланысты елордамен шекаралас аймақтар: Целиноград, Аршалы, Шортанды аудандарында КВИ бойынша қосымша орындар ашу қажеттілігі туындауда. Облыс бойынша 1550 орын бар, бірқатар стационарда орын саны артуда. Бүгінгі таңда вакцинациялау бойынша төмен өңірлерде КВИ дертінің өсуі байқалуда, - деп қосты басқарма басшысы.