Әзімова пенитенциарлық жүйе тиімділігінің 3 қағидасын атады

8 Шілде 2021, 16:27
1201
Бөлісу:
Әзімова пенитенциарлық жүйе тиімділігінің 3 қағидасын атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова «Жаңа заманға сай пенитенциарлық жүйе» халықаралық форумында айтты.

Пенитенциарлық жүйе мекемелерінде адам құқықтарын сақтау бойынша 3 қағиданы айқым келеді. Біріншіден, жазалау мен қайта тәрбиелеу пенитенциарлық жүйенің тиімділігінің көрсеткішіне айналмауы керек. Екіншіден, тиімділік сотталғандардың өзін-өзі дамытуы мен жауапкершілігін бағалауынан, заңды ұстануынан көрінеді. Үшіншіден, мемлекет тергеуде қинау мен шенеу саясатын қайта қарауы керек. Осылайша, медицина қызметкерлерін тергеу кезінде оқиғаны растауға тартуды жеделдетуді жүзеге асыру керек, - деді Эльвира Әзімова.

Айта кетейік, форумға мемлекеттік органдардың өкілдері, Адам құқықтары саласындағы ұлттық сарапшылар, сондай-ақ Канада, АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, Үндістан, Өзбекстан, Нидерланды және Беларусьтің дипломатиялық миссиялары мен халықаралық ұйымдарының басшылары қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты - адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау, бас бостандығынан айыру орындарында ұстау жағдайларын жақсарту, 2019 жылы өткізілген І форумның ұсынымдарын іске асыру мәселелерін талқылау.

Өзгелердің жаңалығы