Ақмола облысында «Игі істер уақыты» акциясы жалғасуда

16 Қараша 2020, 20:20
1044
Бөлісу:
Ақмола облысында «Игі істер уақыты» акциясы жалғасуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен аптада «Игі істер уақыты» акциясы аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкерлері азаматтарға тегін кеңес беру бойынша Көкшетау қаласының бейімдеу орталығында іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шара барысында құжаттандыру, электрондық-цифрлық қолтаңбаны алу, мобильді азаматтар базасында тіркелу және басқа да әлеуметтік қызметтерді электрондық түрде Egov.kz порталы арқылы алу бойынша консультативтік көмек көрсетілді.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова еріктілер жылы шеңберінде мемлекеттік қызметшілер арасында #ИгіІстерУақыты акциясын жариялап, барлық мемлекеттік қызметшілерді осы қозғалысқа белсенді қосылуға шақырды. ​

Жыл басынан бері Ақмола облысында осы акция аясында аз қамтылған отбасыларға азық-түлік және киім түрінде материалдық көмек көрсету, жалғыз басты қарт адамдарға шаруашылық жағынан көмек көрсету, емделуге мұқтаж адамдарға қаржылық көмек көрсету сияқты бірқатар іс-шаралар өткізілді.


Өзгелердің жаңалығы