Ақмола облысында халық санағы қалай өтеді?

28 Тамыз 2021, 10:46
2483
Бөлісу:
Ақмола облысында халық санағы қалай өтеді?

Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл елімізде үшінші ұлттық халық санағы өткізіледі. Өңірде алдағы халық санағын ұйымдастыру барысы туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ақмола облысы бойынша Ұлттық статистика бюросы департаментінің басшысы Ербол Аманбаев айтып берді.

1 қыркүйектен 30 қазанға дейін Қазақстанда «Қазақстанда әркім маңызды!» ұранымен өтетін халық санағы демографиялық, әлеуметтік және саяси өмір жағдайын болжауға мүмкіндік береді.

Тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстанда 1999 және 2009 жылдары екі ұлттық халық санағы өткізілді. Санақтың мақсаты – халықтың саны, олардың өмір сүру жағдайлары туралы шынайы мәліметтер алу. Бұл өткен халық санағы кезіндегі өзгерістерді бағалау мүмкіндігі. Егер алдыңғы екі санақ науқаны қағаз сауалнамаларын қолданса, 2021 жылы халық санағын онлайн режимінде жүргізіледі, яғни цифрлық технологиялар мен автоматтандыру енгізілді. Қағаз санақ парақтарынан бас тарту – бұл негізгі жаңалық. Ал санақ алушылар үйлерде дәстүрлі санақ парақтарын емес, планшеттерді пайдаланады. Интернет-сауалнама sanaq.gov.kz. сайтында 1 қыркүйектен 15 қазанға дейін жүргізіледі. Сондай-ақ, интервьюерлер электрондық планшеттерді пайдалана отырып, онлайн режимде санақтан өтпеген респонденттер арасында сауалнама жүргізеді, - деп атап өтті ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ақмола облысы бойынша Ұлттық статистика бюросы департаментінің басшысы Ербол Аманбаев.

Оның хабарлауынша, санақ кезінде респонденттер төрт санақ парағына енгізілген 91 сұраққа жауап беру керек.

Ақмола облысында респонденттермен сауалнама жүргізу үшін 1000-нан астам адам тартылады. Барлық интервьюерлер барлық қажетті құралдармен және арнайы нысанды атрибуттармен қамтамасыз етіледі. Облыс әкімдігі мемлекеттік статистика органдарына өңірлік жұмыспен қамту орталықтары арқылы санақ қызметкерлерін іріктеуде көмек көрсетуді тапсырды. Бұл ретте үміткерлердің міндетті түрде вакцинациялау паспорты болуы тиіс. Сондай-ақ персоналды телефон байланысы, интернет, көлікпен қамтамасыз ету қажет. Эпиджағдайды ескере отырып, халық санағы sanaq.gov.kz сайтында онлайн режимінде жүргізілетін болады Халық санағының ақпараттық деректері экономика мен бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және дамыту үшін қажет. Бұл білім беру, денсаулық сақтау және жұмыс орындарын құру бойынша тұрғын үй құрылысы мен бөлуді дамытуға көмектеседі, - дейді департамент басшысы.

Оның мәліметінше, жалпы халық санағы айтарлықтай күш пен қаражатты қажет етеді. Санақты әр он жыл сайын өткізу кезеңділігін БҰҰ ұсынған. Шынайы ақпарат бізге ғана емес, әлемге де қызықты. Халық саны табиғи өсім мен көші-қон процестеріне байланысты екені түсінікті. Соңғы он жыл ішінде облыста 140 000 адам дүниеге келді. 88 000 адам қайтыс болды. Табиғи өсім 52 000 адамды құрады. 237 000 адам көшіп келді. 291 000 адам қоныс аударды. Халықтың 10%-ы он жыл ішінде Көкшетау мен Степногорсктен көрші Ресейге, 1% -ы Германия мен Белорусияға қоныс аударды.

Бізде жұмыс істеуге қабілетті тұрғындар арасында өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың үлесі – 30%. Оның 88%-ы нәтижелі жұмыспен қамтылғандар. Бұл сандар халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеу нәтижесінде алынған, оны біз ай сайын өткізіп отырамыз. Алдағы санақ дәлірек мәліметтер береді деп үміттенеміз. Жеке бизнес дүкендер, кафелер ашуды жоспарлай алады, бірақ коммуналдық мәселелерді шешуге, мектептер мен медициналық мекемелердің құрылысына шығындарды жоспарлау тұрақты, яғни ресми тіркелген халық санына байланысты жүзеге асырылады. Біз кез келген статистикалық жазбаны негіздеуіміз керек: туу туралы, қайтыс болу туралы анықтамалар, тіркеу фактісі, келу талондары, көші-қон қызметінен кету... осының бәрін деректер базасында тіркейміз, - дейді департамент басшысы.

Оның сөзінше, нақты тұрғылықты жері бойынша тіркелмегені үшін азаматтардың жауапкершілігін қатаңдату керек. Елді мекендердің әкімдерімен бірге учаскелік полиция инспекторлары жұмыс істеуі тиіс. Кент әкімшіліктерінің басшылары жылына екі рет тұрғындарды, әрбір үй шаруашылығын тексеріп өтуге міндетті. Барлығын есепке алудың электрондық кітабында тіркеу қажет.

Біз ақмолалықтардың шынайылығына, жақында өтетін санақ науқанының маңыздылығын жақсы түсінетініне сенеміз. Дегенмен ҚР «Мемлекеттік статистика туралы» заңында респонденттерді – жеке және заңды тұлғаларды статистика органдарына дұрыс ақпарат беруге міндеттейтін бап бар екенін еске салғымыз келеді. Сондай-ақ, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 497 бабы бар, онда айыппұл түрінде алғашқы статистикалық деректерді ұсынбағаны үшін жаза қарастырылған. Бұл заңды және жеке тұлғаларға да қатысты. Санақшыларға қойылатын талаптар қатал болды. Планшетпен жұмыстың өзі жас бойынша шектеулер қояды. Іріктеу механизмі барынша ашық. БАҚ-та міндетті түрде хабарландыру, жұмыспен қамту орталықтарына өтінім берілді. Санақшы өзінің жеке куәлігін міндетті түрде көрсетеді. Ұлттық санаққа жауапкершілікпен қарауды сұраймыз. Бұл – жалпыхалықтық мәселе, біздің азаматтық парызымыз, міндетіміз, - деп қосты Ербол Аманбаев.


Өзгелердің жаңалығы