Ақмола облысында 6 жел электр станциясы салынады

25 Қыркүйек 2019, 10:20
2885
Бөлісу:
Ақмола облысында 6 жел электр станциясы салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында баламалы қуат көзінің үлесі 17 процентке жеткен, деп хабарлады Хабар 24.

"Мәселен, өңірде дәстүрлі әдіспен жылына 700 млн киловатт электр энергиясы өндірілсе, баламалы жолмен 200 млн киловатт қуат алынуда. Мұны тек Ерейментаудағы жел электр станциясы ғана беріп отыр. Ал Аршалы ауданындағы дәл осындай нысан жақында ғана іске қосылды. Сала мамандарының айтуынша, 2023 жылға қарай аймақта тағы 6 жел электр станциясы іске қосылмақ", - делінген таратылған ақпаратта.

Жоспар бойынша биыл жазда пайдалануға берілмек болған Көкшетау қаласының іргесінде орналасқан Красный Яр елді мекеніндегі нысан әзірше тоқтап тұр. Мамандардың сөзінше, бұған инвесторлардың қаржы мәселесі сеп болған.

Айта кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, ЭКСПО-2017 көрмесінен кейін елімізде баламалы қуат көздерінің үлесін 2050 жылға қарай 50 процентке жеткізуді тапсырған болатын. 

"Красный яр елді мекеніндегі станция 2020 жылы қосылады. Басқа станциялар 2023 жылға дейін қосылып, 46 пайызға жеткіземіз", - деді облыстық энергетика және ТКШ басқармасы басшысының орынбасары Тимур Хамзин.
 .


Өзгелердің жаңалығы